8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
фото: pixabay.com

"Сапалы Қазақстан" ақпараттық-сараптама порталы аналар мен аруларды  Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды.

Құрметті аналар мен арулар! Көктемнің көркемдігін сезіндіріп, кереметін ұғындырған 8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні!

 Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын! Табиғаттың әсемдігі әсемдіктеріңізді әнге бөлеп, шығармашылықтарыңызға шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңыз құтты болын! 

Фото: pixabay.com.

Біле жүріңіз!

Халықаралық әйелдер күні — әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады,  деп хабарлайды kk.wikipedia.org.

XX ғасырдың басы

1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы митинг өткізілді. Бұл күні 15000-нан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар сондай-ақ әйелдер сайлау құқығын талап етті.

1909 жылы Америка Социалисттік партиясы халықаралық әйелдер күнін жариялап, бұл мейрам 1913 жылдың ақпанның соңғы аптасына дейін тойланды. 1909 жылы ол 28 ақпан болды. Кейінірек, 1910 жылы, АҚШ делегат-әйелдері Копенгагендегі Екінші Халықаралық әйелдер-социалисттер конференциясында Клара Цеткинмен кездесті.

Фото: Клара Цеткин мен Роза Люксембург, 1910 жыл

Клара Цеткин 1910 жылы 27 тамызда Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық әйелдер-социалисттер конференциясында халықаралық әйелдер күнін тағайындауға ұсынды. Бұл күні әйелдер өз мәселелеріне қоғамның назарын тарту үшін митингтер мен шерулер өткізеді деп түсіндірілді.

1911 жылы бірінші Халықаралық әйелдер күні Германия, Аустрия, Дания мен Швейцарияда Германияның Социал-демократиялық партиясының Ортаңғы комитетінің мүшесі Елена Гринбергтің ұсынысымен 19 наурызда тойланды. 1912 жылы сол мемлекеттерде мейрам 12 мамырда атап өтілді. 1913 жылы 2 мамырда әйелдер Франция мен Ресейде алғаш рет митингтерге шықты, сонымен қатар демонстрациялар 9 мамырда Чехия, Мажарстан мен Швейцарияда өтті. 1914 жылы әйелдер күні АҚШ, Ұлыбритания, Аустрия, Дания, Германия, Ресей мен Щвейцарияда тойланды.

1917 жылға дейін толық немесе жартылай дауыс беру құқығына әйелдер Жаңа Зеландия, Аустралия, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландияда қол жеткізді.

Қосымша ақпарат kk.wikipedia.org сайтынан алынды.