Семейде үй ауласынан сібір елігі табылды

Семейде үй ауласынан сібір елігі табылды
фото: https://pixabay.com

Полиция жабайы жануарларды заңсыз ұстау заңнамаға қайшы екенін ескертеді

Семейде үй ауласынан мойнына қарғыбау тағылған сібір елігі табылды, деп хабарлады полиция.

"102" арнасына Водный кентінің тұрғынынан үй ауласында елік жүргені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері барып, жануардың сібір елігі екенін анықтады. Еліктің артқы тұяғында жарақаттан қалған із, мойнында қарғыбау болған.

Инспекторлар елікті күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семей қаласының биологиялық орталығына тапсырды.

Полиция жабайы жануарларды заңсыз ұстау заңнамаға қайшы екенін ескертеді.

"Жарақат алған немесе әлсіреген жабайы жануарды байқаған жағдайда дереу полицияға немесе уәкілетті органдарға хабарласыңыз", - дейді полицейлер.

Дерек көзі: https://sputnik.kz