Оразаны дайындықпен бастаған  жөн…

Оразаны дайындықпен бастаған  жөн…
фото: anatili.kazgazeta.kz

       Ораза тұтуға ерекше мән берген дұрыс –дейді Ұлттық госпитальдің гастроэнтеролог дәрігері Нәзира Мәндібаева.  Рамазан айындағы оразаға дайындық бірнеше аспектен тұрады , ең маңыздысы - адам өзін рухани және физикалық тұрғыда  дайындауы қажет.  Күні бойғы аштық пен шөлге төтеп беру үшін алдын ала тән мен жанды дайындау маңызды.  Рамазан айы қарсаңында  дәрігерге барып,  жүректі  және  ішкі құрлысты тексертіп, қажет болса  зертханалық  талдамалар  тапсырған  дұрыс. Күнделікті тамақтың мөлшерін азайтып , ағзаға қуат беретін  жеміс -жидек , кептірілген жемістер, сұлы жармасы сияқты тағамдарды қолдана бастау керек. 

       Ауызашарда  қалай тамақтанған дұрыс?Ауыз ашқаннан соң бірден майлы тағамдарды жеуге болмайды. Бұл-  асқазанға ауыр салмақ түсіру және  өз денсаулығыңызға зиян келтіру. Ауызды бірнеше құрмамен ашып, сосын  су ішкен дұрыс .Өйткен күні бойы  шөлдеген ағзаға су өте қажет.  Біз осылайша өзімізді аздан және  дұрыс тамақтануға, барынша  құнарлы және пайдалы  тағам жеуге дағдыландырамыз.

       Кімге ораза ұстауға болмайды? Ауырып жүрген науқас адамдарға ораза ұстауға  болмайды . Мысалы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы , созылмалы бауыр ауруы  және  ұйқы безінің созылмалы  қабынуы бар, сондай-ақ  өт жолында  тас  бар адамдарға  ораза ұстауға болмайды-дейді маман.

       Балалар мен жасөспірімдер оразаның маңызын дұрыс түсінбесе де «сәнге» айналдырып алған. Бұл жайлы не айтасыз?Кәмілетке толмаған  балаларға ораза ұстау міндет емес . Енді қалыптасып келе жатқан ағзаны тағамнан, судан түрлі дәрумендерден шектеу дұрыс емес. Ораза ұстаған баланың  ағзасында әлсіздік , енжарлық пайда болуы мүмкін. Бұл  оның  денсаулығына , ойлау қабілетіне кері әсер етіп,  білім алуына кедергі келтіреді. Бұл жайлы ұстаздар жиі айтып та жүр. Осы мәселе жөнінде ата-аналар да ойланған абзал.  Қоғамы үшін ең маңыздысы–дені сау ұрпақ-дейді гастроэтеролог Н.Мәндібаева 

       Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы.