Еуропа тұрғындары қартайып барады

Еуропа тұрғындары қартайып барады
фото: pixabay.com

 Еуропа одағының (ЕО) медиандық жасы өсу үсітнде. Егер 2015 жылы ол 4,8 болса, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 44,9 болды, деп жазды kaz.inform.kz.

Eurostat ұсынған соңғы деректерге сәйкес, бұл Еуроодақ тұрғындарының жартысы 44,9 жастан асқанын, ал қалған жартысы осы жастан төмен екенін білдіреді.

Медиандық жасы ең төмен ел — Ирландия (39,6 жас). Ал ең жоғары көрсеткіш Италияда тіркелген — 49,1 жас.

Жалпы алғанда, соңғы он жылда ЕО халқының медиандық жасы 2,1 жасқа артқан. Бұл өсім одаққа мүше елдердің басым бөлігінде байқалады. Тек Германия мен Мальтада ғана көрсеткіш 0,4 жасқа төмендеген.

Халықтың ең жылдам қартаюы Словакияда және Оңтүстік Кипрде тіркеліп отыр — бұл аймақтарда медиандық жас 4 жылға өскен. Италияда көрсеткіш 3,9 жасқа артса, Грекия мен Польшада — 3,8 жасқа, ал Португалияда 3,7 жасқа көбейген.

Түркия — Еуропадағы ең жас ел

Сонымен қатар Түркия халқының медиандық жасы 34,4-ті құраған.

Осылайша, аталған көрсеткіш бойынша Түркия Еуропадағы ең жас ел ретінде ерекшеленіп отыр.