фото: pixabay.com
"Егер нәтижелі еңбек етсе, тағы 2 жыл, барлығы 4 оқу жылына тағайындалуы тиіс" деді сала басшысы.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Facebook желісінде мектеп директорын тағайындау ісіне қатысты ойын бөлісті, деп жазды Informburo.kz.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмау қажет. Бұл ұсынысты жақын арада министрдің бұйрығы ретінде бекіту жоспарланып отыр.
"Менің министр ретіндегі позициям бойынша, директор екі оқу жылына тағайындалуы тиіс. Содан соң, оның жұмысы жақсы болса, мектептегі білім сапасы жақсарса, балалардың білім деңгейі артса, қауіпсіздік пен мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жақсарса, онда басшылардың қызметін тағы екі жылдық мерзімге ұзартуға болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің сөзінше, мұғалімдер тарапынан директордың озбырлығына қатысты біраз шағымдар түскен.
"Директор – білім беруді, оқу процесін ұйымдастырушы маман ғана. Бірақ, ол өзі де жақсы, білікті ұстаз болуы тиіс", – деді министрлік басшысы.
Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/mektep-direktory-2-oqu-zylyna-gana-tagaiyndaluy-qazet-oqu-ministri-zuldyz-suleimenova
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через