Енді жеке мектептер тек қажет өңірлерде ашылады

Енді жеке мектептер тек қажет өңірлерде ашылады
фото: pixabay.com

Жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейді. Жаңа ереже бойынша  құрылтайшылардың жауапкершілігі мен  міндеттері реттеледі.

Жеке мектептерге қатысты талап біртіндеп күшейтіліп жатыр. Енді мұндай санаттағы білім ордалары тек нақты қажеттілік туындаған өңірлерде ғана ашылады. 

Арнайы лицензия тек үш ауысымды мектеп пен апатты жағдайдағы білім ошақтарын алмастыру мақсатында жекенің қолына беріледі, деп жазды ktk.kz сайты. 

Оқу-ағарту министрлігі мектеп құрылтайшыларына қатысты жауапкершілікті барынша арттырмақ. 

Нақтырақ айтсақ, енді білім беретін мекеменің директорын бұрынғыдай құрылтайшылар ғана таңдап қоймайды. Басшыны тағайындау мәселесінде саланың министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі. 

Сонымен қатар, құрылтайшыларға қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған. Олар білім беру сапасына, мұғалімдердің біліктілігіне және оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты болады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова  өзгерістер директорларды тағайындауға да әсер ететінін атап өтті, деп жазды inbusiness.kz.

Айта кетейік, елімізде 785 жеке мектептің құжаты толық цифрландырылған. Қазақстанда 890 лицензиясы бар жекеменшік мектеп бар. Үкімет жаңадан ашылған жекеменшік мектептер үшін мемлекеттік сатып алуға мораторий енгізуді жоспарлап отыр, бұл оған қолданыстағы білім беру мекемелерінің сапасын қамтамасыз етуге назар аударуға мүмкіндік береді.

Бұл жаңа шаралар мектептердің нақты қажеттіліксіз ашылу қаупін азайтуға, білім беру стандарттарын бақылауды күшейтуге және балалардың қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.

Қосымша ақпараттар ktk.kz, inbusiness.kz сайттарынан алынды.