фото: https://pixabay.com/
Сотта жапа шегуші күйеуін өмір бойына емдеуге жіберуді сұрады
Шизофренияға шалдыққан Екібастұз тұрғыны әйелін шәйнекпен ұрған. Салдарынан әйел ми жарақатын алған, деп хабарлайды irbistv.kz.
Екібастұз тұрғыны 90-жылдардың басынан есепте тұрған көрінеді.
Өткен жылдың қыркүйек айында әйел жұмыстан келгенде, ішімдік ұрттап алған ер адам қызғанып, ұрсыса бастаған. Сосын шәйнекті алып, басынан екі рет соққан. Әйел есінен танып құлаған, сосын ауруханаға жеткізілген.
Екібастұздық тұрғынға қатысты денсаулыққа қасақана орташа дәрежелі зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс ашылды, сот тыңдаулары ұзаққа созылмады.
"Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын", - делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.
Айта кетері, жапа шегуші ер адаммен 35 жылдан астам уақыт бірге тұрған. Сотта ол оны өмір бойына емдеуге жіберуді сұрады. Айыпталушының қамқоршысы саналатын қызы да бұған қарсы болмады. Ол әкесі анасын үнемі соққыға жығатынын айтты.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через