фото: сайт акимата Алматы
Қала аумағынан қар полигондарына 1,5 миллионнан текше метрден астам қар 116 629 рейспен шығарылды
Астанада 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 600-ден астам техника қар күреуге жұмылдырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Өткен түнде қала аумағынан қар полигондарына 18 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, ол 1 356 үлкен жүк көлігімен тасымалданды.
"4 қаңтар күні таңғы уақыттардан бастап қаладағы негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер аймақтарында 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 675 бірлік арнайы техника жұмылдырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қыс маусымы басталғаннан бері қала аумағынан қар полигондарына 1,5 миллионнан текше метрден астам қар 116 629 рейспен шығарылды.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдар, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары мұзға қарсы материалдарымен өңделіп жатыр. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через