фото: zh-shugylasy.kz
Полиция өртке қарсы қызметпен бірлесіп жыл сайынғы "Пиротехника" акциясына кіріскелі жатыр
Жедел-профилактикалық іс-шара 5 желтоқсанда басталады деп жоспарланған. Іс-шара екі кезеңнен тұрады, сауда орталықтары, базарлар, бөлшек сауда нүктелері тексеріледі. Екінші кезеңде "жарылғыш" өнімдерді сақтайтын қоймалар тексеріледі.
Полиция жыл сайын 10 мыңнан астам нысан тексерілетінін айтты.
"Бұдан басқа, өрт қауіпсіздігі талаптарын және азаматтық пиротехникалық өнім айналымы саласындағы талаптарды сақтау бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министрліктегілер.
Соңғы екі жылда пиротехника айналымы саласындағы заң бұзушылықтар саны айтарлықтай өскен. 2023 жылы 400-ден астам, ал 2024 жылы мыңнан астам факт тіркелді.
Ең көп таралған заң бұзушылықтардың бірі - сертификатсыз салюттерді заңсыз сату және сақтау. 2023 жылы заңсыз сауда жасағаны үшін 400-ден астам адам, пиротехниканы дұрыс пайдаланбағаны үшін тоғыз және сақтау ережелерін бұзғаны үшін екі кәсіпорын жауапқа тартылды.
Ал 2024 жылы заңсыз сатқаны үшін мыңнан астам азаматқа, пайдалану кезінде заң бұзғандары үшін 37, сондай-ақ сақтау талаптарын сақтамаған екі кәсіпорынға айыппұл салынды.
Науқан алдын-ала мәліметтер бойынша 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через