фото: © Pixabay / RealAKP
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында той өтіп жатқан мейрамхана өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 30 қазанда болған. Өртенген мейрамхананың атауы - "Жұлдыз". Өрт туралы төтенше жағдайлар қызметкерлеріне қонаққа келгендердің бірі хабарласқан.
"Жалпы көлемі 150 шаршы метр төбе жабыны жанған. Өрт от шашу кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болған. Өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған", - дейді ведомстводағылар.
Ғимарат иесі өрттен материалдық шығын келмегенін, ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған дарға әкімшілік айыппұл салынды, дейді ведомстводағылар.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через