фото: pixabay.com
Қазақстанда сұлулық салондарының қызметі тағы қымбаттады. Әсіресе, тырнақ жасатудың құны қыз-келіншектердің қалтасына салмақ түсіруде, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Баға шарықтаған соң мамандарға сұраныс азайып, табиғи тырнақ тренді қайта оралып жатыр. Тіпті арулар маникюр, педикюр мен боянуға кететін қаражатқа ай сайын азық-түлік алғанды құп көретін болған.

Фото: pixabay.com.
Сұлулық салонында бұрымдылар бұрынғыдай көп емес.
Себебі, қызмет көрсету бағасы қымбаттаған. Сондықтан қалта түбін қағып, тырнақты маманға жасатқаннан өздігінен бояна салу әлдеқайда тиімді дейді қыз-келіншектер. Үнемділікке көшкендердің бірі - Ардақ Қалиева. Баға шарықтаған соң маникюрге тек той алдында ғана барады екен. Шаш үлгісін әпкесіне жасатса, бетін әрлеуді өзі үйреніп алыпты.
"Айына отыз, қырық мыңды тырнаққа жұмсағаннан гөрі одан да мен үйге азық-түлік алғанды жөн көремін. Себебі, көп ақша кетеді. Бала-шағам бар. Тырнақ жасамаймын деп айтпаймын. Той- жиындарда жасауға тырысамын", – деді Семей қаласының тұрғыны Ардақ Қалиева.

Фото: pixabay.com.
Тырнақ жасатудың орташа бағасы 15 мың теңге
Мәселен, ірі қалаларда тырнақ жасатудың орташа бағасы 15 мың теңгеден басталады. Педикюрді қоссақ, ай сайынғы шығын 40 мың теңгеге дейін барады. Қарапайым жабынды 6 мың теңге шамасында, тырнақ ұзарту 10 мың теңге. Ал, бояну мен шаш жасату 15 мыңнан жоғары.
Сұлулық салондарына сұраныс азайғанын қызметкерлер де растайды. Олар курс сатып алып, сәнденуді меңгеріп алатындар қазір көп дейді. Бірақ жаңа жыл қарсаңында бос тұрған орталықтар клиентке лық толады деп сенеді.
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через