фото: pixabay.com
Америкалық бизнесмен және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск дәстүрлі смартфондар бес жыл ішінде жойылып кетеді деп санайды, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.
Кәсіпкер бұл болжамын тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты.

Фото: pixabay.com.
Оның сөзінше, қазіргі гаджеттер 2030 жылға қарай экрансыз немесе дәстүрлі қосымшаларсыз пайдаланушылармен әрекеттесе алатын жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құрылғылармен алмастырылады.
Сонымен қатар, Маск бұл құрылғылар кез келген бейне және аудио мазмұнды талдай алатынын, адамның қалауын болжай алатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Маск Грокипедияның іске қосылғанын жариялады.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, жаңа ресурс қазіргі уақытта түпнұсқа «Википедияда» сілтеме жасауға тыйым салынған дереккөздер негізінде контент жасайды және жалпыға қолжетімді болады.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через