Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды

Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды
фото: ҰҚҚ баспасөз қызметі

23 қарашада Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты

Ақтөбе облысының шекарасында құрылыс материалдарының арасына жасырынған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

23 қарашада Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.

"Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдарының арасында жасырынған 10 шетелдік азаматты анықтады", - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.

 

Дерек көзі: https://sputnik.kz