фото: https://www.google.com/url democrat.kz
Белсенді педагог Бахтияр Әбдірайымов Оқу ағарту министрлігіне алғыс білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Ұстаздар өтінішіне жауап – үміт пен сенім сыйлады.
Зейнеткерлік жасқа шығуына бес жыл қалған педагогтерді аттестациялау рәсімінен толық босату туралы.
Зейнет жасына 5 жыл қалған ұстаздар атынан Оқу-ағарту министрлігіне жолданған өтінішімізге назар аударып, қолдау білдіргендері үшін министрлікке алғысымызды білдіреміз.
Министрліктің жауабында айтылғандай, бұл мәселе Қағидаға өзгеріс енгізу барысында жұмыс тобының қарауына ұсынылатыны біз үшін үлкен үміт пен сенім ұялатады.
Осыған орай, Қағидаға өзгерістер енгізу кезінде аталған жұмыс тобы осы мәселені мұқият қарастырып, зейнет жасына таяған педагогтардың мүдделерін ескеретініне сенім білдіреміз.
Тағы да зейнет жасындағы ұстаздардың еңбегін ескеріп, жігерлендіретін жауап бергені үшін Оқу-ағарту министрлігіне шын жүректен алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Сіздердің зейнеткерлік жасқа шығуына бес жыл қалған педагогтерді аттестациялау рәсімінен толық босату туралы ұсыныстарыңыз назарға алынды. Бұл мәселе педагогтердің құқықтық мәртебесін жетілдіру және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту тұрғысынан маңызды екенін атап өтеміз.
Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған заңнамалық түзетулерді дайындау үстінде. Осы жұмыс барысында ұстаздар қауымының пікірі мен ұсыныстары міндетті түрде талқыланып, ескерілетін болады.
Министрлік ашық диалог пен қоғамдық талқылау қағидаттарын ұстанады және педагогтердің кәсіби қызметін жеңілдету мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін үнемі назарда ұстайды.
Сіздің ұсыныстарыңыз Қағидаға өзгеріс енгізу барысында жұмыс тобымен қарастырылады"деп жазды белсенді педагог.
https://smi24.kz/kk/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через