Әскерге шақыру толық автоматтандырылады

Әскерге шақыру толық автоматтандырылады
фото: Коллаж: Kazinform/ Freepik

Қорғаныс министрлігі цифрлық жүйелер әскери қызметке шақырудың барлық негізгі кезеңдерін жеңілдеткенін мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.

Азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

— Мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев.

Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

 «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары

Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.

 «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.