фото: https://pixabay.com/ru/
Зейнеткердің депозиттегі 3,3 млн теңгесін полицейлер алаяқтан сақтап қалды
Алайда қария алаяқтарға терминал арқылы 500 мың теңгесін аударып үлгерген
Қостанайда 71 жастағы зейнеткер 3,3 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жатқан жерінде, полиция қызметкерлері тоқтаты.
Қарияға әлдекім ватсап номері арқылы хабарласып, өзін "заңгер" ретінде таныстырып, зейнеткердің атына 3 млн теңгенің виртуалды картасы рәсімделгенін хабарлаған. Ақша іздеуде жүрген адамның есеп шотына кетіп, енді зейнеткердің өзі күдікті екенін айтып алдаған. Және ол енді өзінің шотындағы ақшасын құтқару керектігін айтқан.
"Әйел банктен 3,8 млн теңгесін шешіп алып, алаяққа түбіртегін жіберген. Одан кейін олар зейнеткерге ақшаны қайда, қалай аудару керектігін айтқан. Оны сауда орталығының бірінде терминал арқылы ақша аударарып жатқан жерінен "Технодом" қызметкері байқап, полицияға хабарлады", - делінген хабарламада.
Бұл кезде зейнеткер алаяқтарға 500 мың теңгесін аударып үлгерген.
Киберқылмысқа қарсы қызметкерлер зейнеткерді таксиде кетіп бара жатқан жерінен ұстаған.
Ол полиция қызметкерлеріне сенбей, алаяқтармен телефон арқылы сөйлесуін тоқтатпаған. Тек біраз уақыт өткеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғанын түсінеді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через