фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/leungchopan
Қытайдың Шанхай қаласында жас жұбайлар бір жылдан астам уақыт бойы нәрестеге ат қоюға келісе алмай, ақыры ажырасқан.
Ерлі-зайыпты 2023 жылы үйленген, арада бір жыл өткен соң олардың дені сау сәбиі дүниеге келген. Алайда содан кейін отбасында жанжал басталып, әрқайсысы нәрестеге өзі таңдаған есімін қоюды талап еткен. Екі жақ келіспеген соң балаға бір жылдан астам уақыт бойы туу туралы куәлік берілмей, вакцинация да жүргізілмеген.
Сот барысында ерлі-зайыптының екеуі де жасырын түрде баласына ат қойып, туу туралы куәлікті алмақ болғаны анықталды. Бірақ заң бойынша мұндай шешім екі ата-ананың да келісімімен ғана рәсімделуге тиіс.
Осылайша, сот баланың куәлігін ажырасу рәсімі толық аяқталғанға дейін жергілікті билікте сақтап, кейін оны анасына тапсыруға шешім қабылдады.
Сондай-ақ судья тараптарға баланың құқығын шектегені үшін жауапкершілік жүктелетінін ескертті. Ол ата-ананың жеке дауларында баланы құрал ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтті.
Бұл оқиға Қытайдағы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көптеген қолданушы мұндай адамдарға мүлдем бала сүймеу керек деген пікір білдірді.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через