фото: Air Astana баспасөз қызметі
Бұл мәселе президенттің Түрікменстанға жасаған сапары кезінде көтерілген болатын
Сыртқы істер министрлігі Түрікменстанмен арадағы визалық режимге қатысты түсініктеме берді.
Бұған дейін Түрікменстанмен шекралас аймақтар, атап айтқанда, Маңғыстау мен Атырау облыстарының тұрғындарына осы елге визасыз 5 күнге кіруге рұқсат берілген. Бірақ 2016 жылы бұл тәжірибе тоқтатылған болатын.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл мәселе президенттің Түрікменстанға жасаған сапары кезінде көтерілген болатын.
"Биыл көктемде біз тиісті визалық консультацияларды жүргіздік, тиісті өзгерістер де әзірленді. Соның бәрі түрікмен тарапына жіберілді. Енді сол елдің ішкі рәсімдері бар, содан өтіп жатыр. Осы мәселені бақылауда ұстап отырмыз", - деді Қуантыров сенаттың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, биыл наурыз айында Қазақстан мен Марокко арасындағы визасыз режим күшіне енген болатын.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через