фото: pixabay.com
Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлайды, деп жазды kaz.inform.kz.
Ведомство мәліметінше, БАҚ-та таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фото: pixabay.com.
— Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады. Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Мақсаты — ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу, — деп түсіндірді министрлік.
Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы — барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Aitu шетелдік мессенджерлерді азаматтардың жеке өмірінде алмастырмайды және оған «кедергі келтірмейді», ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процестері үшін қорғалған арнаны қамтамасыз етеді.
Бұдан бұрын Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Цифрлық штаб отырысын өткізді. Онда осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін мемлекеттік органдар қызметкерлерінің AITU ұлттық мессенджеріне көшетіні белгілі болды.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через