«Тәшенев тартуы». Білім грантына конкурс жарияланды

«Тәшенев тартуы». Білім грантына конкурс жарияланды
фото: Тәшенев атындағы университет» АҚ-ы

Осы жылы мектеп бітірген 36 мың талапкер ЖОО-на білім алуға бөлінген мемлекеттік грантқа іліне алмады. Тізімге енбегендер қатарында Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинағандар да бар, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Дегенмен, жоғары білім алуға талпынған жастарға үміт отын сыйлап, тегін оқуға мүмкіндік беретін оқу ордалары бар. Солардың бірі «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ-ы. 

1 Мемлекеттік білім грантына іліне алмай қалған талапкерлерді қолдау мақсатында келесі білім беру бағдарламалары бойынша «Тәшенев тартуы» білім грантына конкурс жарияланды:

БББ атауы

Конкурсқа қатысу балы

1

6В01707 Шетел тілдері (IP)

100

2

6B01705 Ағылшын тілі (IP)

100

3

6B03201 Кітапхана ісі

100

4

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

100

5

6B04201 Құқықтану

100

6

6B04202 Бизнес және құқық

100

7

6B04203 Басқарушылық және шаруашылық қызметті құқықтық реттеу

100

8

6B04101 Есеп және аудит

100

9

6B04104 IT менеджмент

100

10

6B04102 Қаржы

100

11

6B04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару

100

 

2. Конкурстық іріктеу барысында талапкерлердің ҰБТ нәтижесі (балы), аттестаттағы орта балы, әлеуметтік топтағы көрсеткіштері, жеке жетістіктері есепке алынады.

3. Конкурс жарияланған білім беру бағдарламалары бойынша бөлінетін білім гранттарының санын комиссия дербес шешеді.

4. Конкурсқа қатысу үшін университеттің қабылдау комиссиясына өтінім беріледі.

Өзге өңірлердегі талапкерлер келесі сілтеме https://forms.gle/5bCubUkqvABnU9Bg9 арқылы өтінім бере алады. Өзге өңірлердегі өтінім иелерінің құжаттары 21 тамызға дейін қабылдау комиссиясына өткізілуі тиіс.

 5. Конкурс жеңімпаздарының тізімі университеттің сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

Жауапты хатшы: Туребеков Біржан Анарбекұлы. 

Байланыс нөмірі: 87025024452

 

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ

Қабылдау комиссиясы -2025