Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазір жаңа мамандықтар Атласында Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

"Мысалы, металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында – виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста – Big Data талдаушысы, "Ақылды үй" жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандық өзгереді", - деді Иран Шархан.

ҚазАқпарат