фото: pixabay.com
«Қайрат» тағы тарихи нәтиже тіркей алады. Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» және «Слован» клубтары кездеседі, деп хабарлайды 24kz.
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда болады. Бұл – қос команда арасындағы алғашқы матч. Араға бір апта салып олар Словакия астанасы Братиславада қарымта ойын өткізеді. Соның қорытындысы бойынша плей-оффқа шыққан команда анықталады.
Айта кетейік, «Қайрат» іріктеу кезеңдерінде «Олимпиа» және «Купс» командаларын жеңіп, үшінші айналымға шыққан болатын. Алматылық клуб үшін бұл өзіндік тарихи нәтиже саналады. Өйткені алғаш рет іріктеу кезеңінің үшінші деңгейіне жетіп отыр. Команданы баптайтын Рафаэль Уразбахтин бұнымен тоқтамайтынын жеткізді. Алдағы матч оңай болмайтыны анық.
«Десе де, өткен қателіктерді ескеріп, жеңіс жолын жалғауға барымызды саламыз», - дейді.
Айта кетейік, «Қайрат»-«Слован» матчы 20:00-де басталады. Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» клубының бас бапкері: - Чемпиондар лигасы – бұл мүлде баска жауапкершілік. Барынша жинақы болып, назарды тек ойынға бұру кажет. Біраз футболшынының денсаулығын калыпқа келтірдік. Соңғы екі жаттығуды толық құрамда өткіздік. Жігіттер жасыл алаңға шығуға, өздерін көрсетуге асығып тұр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через