Жетісу облысында 21 адамды қарақұрт шақты

Жетісу облысында 21 адамды қарақұрт шақты
фото: CC0 / DirtyOpi

Биыл облыста қарақұрт қатты көбейген

Жетісу облысында 21 адамды қарақұрт шағып алды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Биыл облыста қарақұрт қатты көбейген. Ауруханаға улы жәндік шаққан 21 адам түскен, оның 7-еуі бала.

"Қалалық көпсаласы ауруханада 10 адамға көмек көрсетілді. 2 адам жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді ведомстводағылар.

Ауруханаларда қарақұрттың уына қарсы препарат жеткілікті, дейді дәрігерлер.

ҚазАқпарат