фото: pixabay.com
Қазақстандық студенттер оқу үшін Польша мен Түркияны таңдайды. Осындай мәліметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынды, деп хабарлады «Сапалы Қазақстан» порталы.
lsm.kz ақпараттық сайты жазғанындай, Standard Life сақтандыру компаниясы сауалнама жүргізген. Соның қорытындысына сәйкес, мектеп оқушыларының көпшілігі АҚШ университеттеріне қызығушылық танытады (29,8% дауыс). Екінші орында Түркия (11,8%), ал Қазақстан үшінші орында (10,2%). Олардан кейін Оңтүстік Корея (8,7%), Ресей (5,3%), Жапония (5,3%), Франция (5%), Италия (4,7%), Германия (2,8%), Ұлыбритания (2,2%), Канада (1,6%), Чехия (1,2%) және т.б.
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 4,4 мың студент шетел университеттерінде білім алған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,5%-ға көп. 13 жыл ішінде бұл жобаға барлығы 29,5 мың адам қатысқан.
Аймақтарға бөлетін болсақ, өткен жылы Еуропаның 31 еліне – 2,1 мың адам, ТМД-ның алты мемлекетіне – 1,9 мың адам, Оңтүстік-Шығыс Азияның 11 еліне – 326 адам, Таяу Шығыстың төрт мемлекетіне – 13 адам, Африканың бір еліне – екі адам, АҚШ-қа – 40 адам барған.
Ең танымал елдердің бестігіне Польша (668 адам), Түркия (619 адам), Германия (177 адам), Франция (117 адам) және Литва (93 адам) кірді.
Сонымен қатар, білім беру саласындағы халықаралық келісімдер бойынша өткен оқу жылында Венгрияға – 178 адам, Қытайға – 33, Қырғызстанға – екі, Әзірбайжанға – алты, Тәжікстанға – 14, Польшаға – 11 адам оқуға қабылданды.
2023-2024 оқу жылында «Болашақ» стипендиясын 946 қазақстандық алады. Оның ішінде АҚШ-та – 488, Ұлыбританияда – 256, Австралияда – 30, Түркияда – 27, Ресейде – 26, Германияда – 21, Швейцарияда – 13, Францияда – 12, Польшада – 10, Жапонияда – алты.

Фото: pixabay.com.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында (30 жыл) түлектердің саны 12,6 мың адамға жетті, оның ішінде бес жылда 2,3 мың жас әлемнің озыө оқу ордаларында білім алды. Нақты санына тоқталсақ: Ұлыбритания – 1 мың адам; АҚШ – 801 адам; Ресей – 101 адам; Австралия – 67 адам; Түркия – 52 адам; Германия – 26 адам; Израиль – 44 адам; Канада – 29 адам; Литва – 19 адам; Нидерланды – 16 адам; Франция - 15 адам; Польша - 14 адам; Италия – 13 адам; Бельгия - 10 адам; Жапония – 10 адам; Швейцария – тоғыз адам; Швеция - тоғыз адам; Беларусь - сегіз адам; Қытай - сегіз адам; Ирландия - алты адам; Оңтүстік Корея – бес адам; Венгрия - төрт адам; Испания - төрт адам; Эстония - төрт адам; Чехия - үш адам; Болгария - екі адам; Сингапур - екі адам; Хорватия - екі адам; Дания - бір адам; Латвия - бір адам; Португалия - бір адам. Студенттердің басым бөлігі «Магистратура» бағдарламасы бойынша білім алады – 1,6 мың адам; «Тәжірибеден өту» – 650 адам; «Докторантура» – 71 адам; «Бакалавриат» – төрт адам.
Министрлік шетелде білім алып жатқандарға форс-мажорлық жағдайлар, табиғи апаттар және т.б. туындаған жағдайда дер кезінде көмек алу үшін келген елде консулдық тіркеуден өту керектігін түсіндірді. Сондай-ақ өкілдіктер қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, олардың шетелде болуы кезінде жан-жақты көмек көрсетеді.
Сауалнамаға 322 қазақстандық мектеп оқушылары қатысты.
«Білім туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ел азаматтары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында білім ала алады.
Шетелге оқуға, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жолдама беру қағидаларының 37-тармағына сәйкес тағайындалған ел ЖОО-лардың қолданыстағы халықаралық шарттарына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының бағыттарына сәйкес таңдалады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через