Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам көз жұмды

Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам көз жұмды
фото: https://pixabay.com/ru/

Өрт шамамен 450 шаршы метр аумаққа шарпыды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округінің Түймебай ауылында құс өнімдерін өндіретін кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 28 шілдеде болған. Кәсіпорынның асханасы өртенген.

"Өрт үлкен аумаққа тарап кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметі жүргізген барлау барысында ер адамның мәйіті табылды. Өрт шамамен 450 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Жақын орналасқан ғимараттарға от таралған жоқ", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-нің, №55065 әскери бөлімінің, аудандық полиция басқармасының, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем бригадаларының 42 қызметкері мен 14 техникасы жұмылдырылған.

ҚазАқпарат