
фото: Видеодан скрин
Еліміз қалаларының бірінде шетелдік туристің қоғамдық дәретхананы қолданғаннан кейінгі реакциясы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" сайты azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрда не көрсетілген
Жергілікті тұрғындар түсірген видеода ер адам дәретханадан шыққан бойда қатты жөтеле бастайды. Көпшілік бұл оның жағымсыз иіске реакциясы болуы мүмкін екенін жазып жатыр.
Турист кейін телефонын алып, дәретхананың өзін суретке түсіре бастайды. Желі қолданушылары оның көргенін есте қалдыру немесе жазылушыларына көрсету үшін суретке түсіргенін болжауда.
Желі қолданушыларының реакциясы
Желі қолданушылары еліміздегі, әсіресе туристік аймақтардағы, қоғамдық дәретханалардың санитарлық жағдайын сынға алды.
«Біз туризммен айналысамыз. Қонақтар келгенде ұялатын жағдай көп. Есік көлінде не дәретхана жоқ, не интернет. Алмарасандағы дәретханада су жоқ, кейде жабық тұрады. Масқара!», «Шетелдіктер біз үшін ұялады. Бұл – абсурд!», «Осыған қыруар қаражат бөлінеді. Нашар салынған дәретханалар үшін айыппұл салу керек!»,«Мұндай жағдайда тек шетелдіктер емес, өзіміздің де жүрегіміз айниды», «Жыл сайын шетелдіктер келеді. Бәлкім, бір күні әкімдеріміз ұялып, барлығын ретке келтірер...» – деп жазды желі қолданушылары.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через