фото: pixabay.com
«Дені саудың жаны сау» деген қанатты сөз бар. Ал дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Бойдағы күш-қуатты арттыру үшін пайдаланылатын таңғы уақыт - бұл күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлайтын тамаша мезет.
Әсіресе, таңертең аш қарынға жасаған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігін арттыратыны ғылыми түрде анықталған.
Алматы қаласында ояна салысымен көппен бірге жаттығу жасағанды, таңертеңмен би билеп, көңіл көтергенді ұнататындар үшін «Қайырлы таң» бағдарламасы ұйымдастырылған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, келушілер көпке танымал таңдаулы әндерге билей жүріп, түрлі жаттығу жасайды.
Салауатты өмір салтын ұстанатын алматылықтармен біздің порталдың тілшілері әңгімелесіп қайтқан еді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через