
фото: pexels.com
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бірнеше жасөспірімнің 14 жастағы қызды ұрып-соғып, ақша бопсалағаны туралы шулы бейнежазба тарады. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды растап, оқиғаға қатысы бар алты қыздың тұлғасы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Halyqstan Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбада алты қыз бір құрбысын кезекпен ұрып, артынан ақша талап етіп жатқаны көрінеді. Жәбірленуші қарсылық көрсетпеген. Олар қыздан «касса» немесе «тағы да соққы таңда» деп қысым жасаған.
Оқиға бейнежазба арқылы әшкере болды
«Егер ақша әкелмесең... Туған күніңде бәрібір саған ақша береді. Сол ақшаны 10-ы күні әкелмесең, бәріміз жабылып сені сабаймыз», – дейді қыздардың бірі.
Полиция ресми түсініктеме берді
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға 2024 жылдың 31 тамызындаболғанын растады. Алайда видео 2025 жылдың маусымында кең таралып, қоғам назарын аударған.
«Петропавл қаласында тұратын 14 жастағы қызға жүйелі түрде психологиялық және физикалық қысым жасалғаны анықталды. Бейнежазбалардағы көріністер нақты дәлел ретінде тіркелді», – делінген департамент мәлімдемесінде.
- 6 қыздың жеке басы анықталды;
- 2 жасөспірім мен 4 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды;
- Бұған қоса, бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Балалар арасындағы зорлық – жүйелі проблема ма?
Мамандар бұл оқиғаны балалар арасындағы буллинг пен бопсалау мәселесінің көрінісі деп бағалап отыр. Қоғамдық пікірде ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің және құқық қорғау органдарының алдын алу шараларын күшейтуі қажет деген ұстаным басым.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через