
фото: CC0 / Michal Jarmoluk
Оны психикалық облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешілуде
Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреу шынжырлы арамен адамдарға тап берді.
Бөрлі аудандық полициясы оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
"2025 жылғы 30 мамырда сағат 00:30-да Бөрлі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне "Нефтек" жанар-жағармай құю станциясының аумағында белгісіз біреудің шынжырлы арамен агрессивті әрекет жасап, көліктер мен адамдарға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қабылдап, 1989 жылы туған ер адамды ұстады.
"Оны облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешілуде", - деп толықтырды полиция.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через