Бүгін елімізде 2025 жылғы алғашқы ҰБТ басталды

Бүгін елімізде 2025 жылғы алғашқы ҰБТ басталды
фото: pixabay.com

Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша 2025 жылғы бірінші ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 10 ақпанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жоғары білім және ғылым министрлігінің мәліметінше ҰБТ-ға 167 мыңға жуық адам өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. 

Өтініш бергендердің басым бөлігі математика-физика, биология-химия бейіндік пәндер комбинациясын таңдаған болса, ең азының таңдауы орыс тілі-орыс әдебиеті, химия-физика комбинациясына түскен. 

Еске салайық, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.


Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.