
фото: © Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Нидерландтан "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына екі жолбарыс жеткізілді.
Жыртқыш жануарлардың бұл түрі суық ауа-райына шыдай алады.
"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерландтан жолбарыс пен оның өлекшінін алып келді. Оларды Іле-Балқаш резерватына орналастырды. Бұл – Амур жолбарыстары, суық ауа-райына бейімделген", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Ресей де Амур жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын. Әзірге келіссөз жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через