Шипажайдағы шикілік

Шипажайдағы шикілік

фото: shyndyk.kz

       Депутат шипажайларда қолданылатын емдік балшықтардың құрамы мен сапасын міндетті түрде тексеріп, заңмен реттеуді ұсынды

       Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова шипажайларда емдік балшықтың сапасы мен құрамын тексеру мәселесін көтерді.

       Қазақстанда 300-ден астам шипажай бар. Смолякова біршамасын аралап шыққан.

       "Олар емдеу және оңалту кезінде термалды-минералды суларды, емдік балшықтарды пайдаланады. Бірақ бұл шынымен емдік балшық па, әлде жай ғана балшық па? Оны ешкім тексеріп жатқан жоқ. Мұның бәрі саудаға айналып кеткен. Балшықтың құрамы қандай? Емдік қасиеті бар ма? Адамдарды немен емдеп жатыр? Олардың қолында ешқандай құжат та, қорытынды да жоқ", – деді Смолякова Құрылтай отырысында.

       Respublica партиясының депутаттары емдік балшықтардың құрамы туралы ақпарат ашық көрсетілуі керек деп есептейді. Бұл талап заң жүзінде бекітілуі қажет.

       Айта кетері, қазіргі уақытта шипажайлардың қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр.

       https://sputnik.kz/

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите