Депозиттерге салық салынатыны рас па

Депозиттерге салық салынатыны рас па

фото: Kazinform/ЖИ

 Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. 

Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген жалған ақпарат пен түрлі манипуляциялардың әлі де таралып жатқанын анықтап отыр. 

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан порталы" kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

- Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды, – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Осылайша, депозиттер бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген мәлімдемелерінің заңнамалық негізі жоқ. 

Еске салсақ Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған еді.

- Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.

Үкімет бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - деген еді.


Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите