Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ALMATY THEATRE FESTIVAL республикалық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Фестивальдің салтанатты ашылуы 15 қарашада өтеді.
15:00 – баспасөз конференциясы
16:00 – фестивальдің ресми ашылу салтанаты
17:00 – фестиваль бағдарламасы режиссер Фархад Молдағалидың soundrama жанрындағы «Мәмлүк» қойылымымен басталады.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген театр ұжымдары қатысып, көрермен назарына түрлі жанрдағы таңдаулы спектакльдерін ұсынады. Қатысушылар қатарында Жезқазған, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды қалалары мен Батыс Қазақстан облысының театрлары, сондай-ақ Алматының шығармашылық ұжымдары бар.

Фото: Алматы әкімдігі.
Фестиваль бағдарламасына «Мәмлүк», «Войцек», «Сәйгүлік», «She Is Aiel», «Жабайы алма», «Найзағай», «Қорғансыз», «Томирис», «Ортеке», «Ромео мен Джульетта» және «Гүлге ұмтылған екеу» спектакльдері енді.
Сонымен қатар фестиваль аясында «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция қатысушылары ұлттық театр өнерін дамыту бағыттарын, сондай-ақ қазіргі театр үдерісінің өзекті мәселелерін талқылайды.
Фестивальдің өтетін күндері: 15-20 қараша, 2026 жыл.
Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры (Нұркент шағынауданы, 6).
Байланыс телефоны: +7 777 678 8594