Алдағы жылы бізде Amazon интернеті іске қосылады

Алдағы жылы бізде Amazon интернеті іске қосылады

фото: Сапалы Қазақстан/ЖИ

2027 жылы еліміз нарығына екі жаңа спутниктік оператор - Amazon LEO және Shanghai Spacecom Satellite Technology шығуы мүмкін. Бұл туралы әСапалы Қазақстанә порталы Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің Үкімет отырысында  мәлімдеді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Министр  Қазақстан төрт спутниктік оператордың барлығы жерүсті станцияларын орналастыратын Орталық Азиядағы алғашқы ел болатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл ұлттық қауіпсіздік талаптарына сай келеді.

Әңгіме Amazon LEO, Shanghai Spacecom Satellite Technology, OneWeb және Starlink компаниялары туралы болып отыр. Соңғы екі операторға - OneWeb пен Starlink-ке лицензия биылғы 1 қазанда берілді.

Байланыс саласын дамыту – елімізді цифрландырудың негізгі шарттарының бірі. Мақсатымыз – цифрлық теңсіздікті жою. Қай жерде тұрса да, əр азамат цифрлық мүмкіндіктерді бірдей пайдалана алуы керек, деді жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Байланыс саласы тұрақты өсіп келеді. Биыл салаға кемінде 500 миллиард теңге
инвестиция салынуы деген болжам бар.  Сонда үш жылда салынған инвестицияның жалпы көлемі 1,3 триллион теңгеден асады. 

Сонымен қатар Қазақстанда Beeline және Starlink Mobile-мен бірлесіп Direct-to-Cell технологиясы іске қосылды. Ол спутниктің смартфонмен тікелей байланысы арқылы хабарлама жіберуге және интернетке базалық қолжетімділік алуға мүмкіндік береді.  Қазір бұл технология Android құрылғыларында қолжетімді. iOS смартфондарын қолдау функциясы әзірленіп жатыр. 

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында биыл жыл соңына қарай оптикалық желі тартылған ауылдардың жалпы саны төрт мыңға жуықтайды. 

Бұл – елдегі ауылдардың 61 пайызы. Келесі жылы оптикалық желі тағы 1 863 ауылға дейін жетеді. Сонда елдегі ауылдардың 92 пайызы оптикалы желімен қамтылады. Қалған 8 пайызы – желі тарту қиын шалғай ауылдар – спутниктік интернетпен қамтылады, деп атап өтті Жаслан Мәдиев. 

Жобаның іске асу барысы ерекше бақылауға алынған. 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите