9 жасар бала әкесінің көлігін мініп кеткен

9 жасар бала әкесінің көлігін мініп кеткен

фото: drivenn.ru

Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды

Қызылорда облысының Арал қаласында 9 жастағы баланың көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Облыстық полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған баланың автокөлік жүргізгенін анықтады.

"Оқиға Арал ауданы көшелерінің бірінде күндізгі уақытта болған. Бейнежазбаны зерделеу барысында 9 жастағы баланың "Toyota Sienna" маркалы автокөлігін жүргізгені белгілі болды", - дейді полиция.

Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде автокөліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите