Арнайы құрылғылар көліктің бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді.
2026 жылғы 9 қарашадан бастап Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бұрылбайтал және Қызылорда – Арал автожолдарында көліктердің орташа жылдамдығы бақыланады.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, республикалық маңызы бар үш автожолда орташа жылдамдықты бақылайтын алты аймақ іске қосылады.
Бақылау енгізілетін бағыттар:
1. Алматы – Қорғас (жаңартылды)
Ұйғыр – Панфилов аймағы – 50+832 км, рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.
2. Қарағанды – Бұрылбайтал
Шұбартүбек – Гүлшат аймағы – 42+158 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
Гүлшат – Тасарал аймағы – 42+550 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
3. Қызылорда – Арал
Ақжарма – Ақжар аймағы – 48+239 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
Ақжар – 103-разъезд аймағы – 122+421 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
103-разъезд – Әйтеке би аймағы – 95+871 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
Жүйенің басты ерекшелігі – көлік жылдамдығы тек камера орнатылған жерде емес, бүкіл бақылау аймағында есептеледі.
– Арнайы құрылғылар көліктің бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Осы мәліметтер негізінде жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақыт есепке алынып, орташа жылдамдық автоматты түрде анықталады. Егер жүргізуші белгіленген жылдамдық шегінен асса, құқықбұзушылық туралы мәлімет тиісті уәкілетті органдарға жолданады, – делінген хабарламада.
Жаңа бақылау аймақтарын енгізудегі басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ықпал ету.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz