Қазақстанда қандай дәрігерлер аса қажет?

Қазақстанда қандай дәрігерлер аса қажет?

фото: qaz365.kz

       Қазақстанда 2025 жылғы түрлі мамандықтағы дәрігерлердің нақты саны мен денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған болжамды қажеттілігі салыстырылды. Кейбір бағыттар бойынша айырмашылық жүздеген адамды құрайды.

      Қазақстанға қанша дәрігер қажет?

       Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жұмыс істеп жатқан дәрігерлер саны мен есептелген қажеттілік арасындағы ең үлкен алшақтық акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, офтальмология және жалпы хирургия салаларында байқалады.

       Жекелеген мамандықтар бойынша көрсеткіштер келесідей:

  • Акушерлік және гинекология: нақты саны - 4 396 маман, болжамды қажеттілік - 6 070. Айырмашылық - 1 674.
  • Анестезиология және реаниматология: нақты саны - 3 112 маман, болжамды қажеттілік - 4 041. Айырмашылық - 929.
  • Офтальмология: нақты саны - 1 100 маман, болжамды қажеттілік - 1 952. Айырмашылық - 852.
  • Жалпы хирургия: нақты саны - 2 466 маман, болжамды қажеттілік - 3 300. Айырмашылық - 834.
  • Неврология: нақты саны - 2 334 маман, болжамды қажеттілік - 2 977. Айырмашылық - 643.
  • Травматология-ортопедия: нақты саны - 1 328 маман, болжамды қажеттілік - 1 864. Айырмашылық - 536.
  • Кардиология: нақты саны - 1 749 маман, болжамды қажеттілік - 2 194. Айырмашылық - 445.
  • Онкология: нақты саны - 1 091 маман, болжамды қажеттілік - 1 506. Айырмашылық - 415.
  • Инфекциялық аурулар: нақты саны - 957 маман, болжамды қажеттілік - 1 344. Айырмашылық - 387.
  • Неонатология: нақты саны - 886 маман, болжамды қажеттілік - 1 223. Айырмашылық - 337.
  • Нефрология: нақты саны - 457 маман, болжамды қажеттілік - 637. Айырмашылық - 180.

       Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің нақты саны мен болжамды қажеттілік арасындағы алшақтықты ағымдағы кадр тапшылығы деп санауға болмайтынын атап өтті.

       Мамандардың түсіндіруінше, бұл есептеулер болашақта денсаулық сақтау жүйесіне қанша дәрігер қажет болатынын анықтауға және қажетті мамандар санын алдын ала дайындауға көмектеседі.

"Есептеулер жүргізу кезінде денсаулық сақтау жүйесінен қанша медицина қызметкері кететіні, олардың орнына қанша жаңа маман келетіні, сондай-ақ демографиялық өзгерістер, халықтың сырқаттанушылығы, медициналық көмек көлемі және медициналық ұйымдар желісінің дамуы ескеріледі", - деп түсіндірді министрлік.

       Министрлік қазіргі тапшылықты бөлек есептейді. Ол үшін медицина қызметкерлерінің штаттық саны, иеленген лауазымдар саны және қоса атқару коэффициенті ескеріледі.

       2026-2027 оқу жылында қанша дәрігер даярланады?

       Кадр қажеттілігін есептеумен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған медицина мамандарын даярлау орындарының санын бекітті.

       Бұйрыққа сәйкес, интернатураға 3 447 орын, ал резидентураға 2 500 орын қарастырылған.

       https://kaz.tengrihealth.kz/

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите