Петропавлда құрылыс алаңынан адам сүйектері табылған

Петропавлда құрылыс алаңынан адам сүйектері табылған

фото: https://pixabay.com/

Табылған сүйектерді Жұмысшы кенті ауданындағы зиратқа қайта жерлеу жоспарланып отыр

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада экскаватор жүргізушісі топырақты қазған сайын сүйектердің шығып жатқанын айтады.

"Жігіттер, менің арқамда бесінші табытты шығарып жатыр. Құдай өзі кешірсін. Қап сүйекке толып кетті. Табыт көп. Бір күнде қаншама қап толды", - дейді экскаваторшы.

Ол жиналған он шақты қапты көрсеткен. Экскаватор топырақты қазып шығарған. Ал құрылысшылар күрекпен сүйектерді жинап, тазалап, қаптарға салып жатыр.

Экскаваторшының айтуынша, табылған сүйектердің арасында балалардың сүйектері де болуы мүмкін.

Күзетшілер бұл аумақта бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын христиан зираты болғанын айтады. Бұған дейін де осы жерден адам сүйектері табылған.

Полиция бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

"Қаңқалардың табылу фактісі бойынша полиция материалды тіркеді. Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Қалдықтардың шығу тегі мен басқа да мән-жайларды анықтау үшін тексеру тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасалады", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта табылған сүйектерді Жұмысшы кенті ауданындағы зиратқа қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите