Көрер жарығы бар адам қайтсе де дүниеге келеді? Грекияда 2 жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылған Кристина мен Константинос қызды болды.
Бұлай ерекшелеп отырғанымыз шақалақ ерлі-зайыптының 22 жыл бұрын алынып, тоңазытқышта сақталған эмбрионнан жаралған.
Кристина Рапти-Целепи 54 жасқа келген шағынд қайтадан сәби сүйіп, ана бақытын сезінді. Қызының салмағы үш жарым келі. «Ай күні жетіп туылған сәбидің қазір денсаулығы жақсы», – дейді ол.
Кристинаның бірінші ұлы да 2004 жылы ЭКО арқылы дүниеге келген. Шаранасынан шықпаған эмбрионды күтіп, баптайтын абзал жандар – дәрігер-репродуктологтар. «Әйелдің бойына бала біту үшін еңбек ететін олардың жұмысы зергерлік іспен тең», – дейді ерлі-зайыптылар.
Кейінгі жылдары Грекияда халықтың демографиялық өсімі баяулады. Сондықтан дәрігерлер балалы болуға рұқсат ететін жас шектеуін ұзарту керек деп санайды. Өйткені 54 жастан асқан әйелдер экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасына қатыса алмайды.
Ерлі-зайыптылар қызының есімін 2024 жылы жол апатынан көз жұмған ұлы Георгиостың құрметіне Георгия деп қойды. Олар алдағы уақытта тағы бір нәресте сүюге ниетті. Керек болса, сол үшін де шетелге барып, ем қабылдаймыз деп отыр.
https://24.kz/kz/