Егер шу қолайсыздық тудырса шағымдануға бола ма

Егер шу қолайсыздық тудырса шағымдануға бола ма

фото: pexels.com

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады 

 

 Егер шу қолайсыздық тудырса

 Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 113-бабы 8-тармағына сәйкес тұрғын ғимараттардың үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында қатты шу шығаратын қызмет сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, ойын-сауық орындарында - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі.

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 16.02.2022 ж. № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінің» (бұдан әрі – ГН) 2-қосымшасына сәйкес жұмыс күндері күндіз 9.00-22.00, демалыс және мереке күндері 10.00-23.00 тұрғын үй-жайлардағы дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейлері еңбек заңнамасына сәйкес 40 дБ, ең көбі 55.

 Түнгі уақытта 22.00-9.00 жұмыс күндері 23.00-10.00 демалыс және мереке күндері еңбек заңнамасына сәйкес түнде 30, ең көбі 45 дБ.

 ГН -нің 22-тармағына сәйкес тұрғын үйлерге, демалыс үйлеріне, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге тікелей іргелес аумақтар күндіз 55 ең көп 70 дБ, түнде 45, ең көп 60 дБ.

 Егер сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін қала тұрғындарына шулы көршілер немесе жақын маңдағы қоғамдық тамақтандыру объектілері немесе басқа адамдар демалуға кедергі келтірсе, онда сіз қалалық телефоннан 102, ұялы телефоннан 112 нөміріне қоңырау шалу арқылы полицияға хабарласа аласыз. Полиция қызметкерлері мұндай көршілерді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша жауапкершілікке тартуға міндетті.

 Егер қала тұрғындарына күндізгі шу кедергі келтірсе, онда шу шығаратын объектіге шаралар қабылдау үшін жоспардан тыс тексеру жүргізу қажет.

 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналар: жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша өтініштері дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес өтініш беруші дәлелді негіздер мен дәлелдемелерді ұсынуы тиіс, ол үшін шу деңгейін өлшеу қажет.

 Шуды өлшеуді тиісті аккредиттелген зертханаларда жасауға болады.

 Шу деңгейін зертханалық өлшеу нәтижелерін алғаннан кейін, шу деңгейі асып кеткен жағдайда, бұдан әрі өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жазбаша өтінішпен жүгіне алады. Тұрғын үй-жайларда шудың рұқсат етілген деңгейлерінен асып кетуге кінәлі адам Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

 Сонымен қатар, түнгі уақытта шу немесе күндізгі уақытта шудың рұқсат етілген деңгейінен асып кету фактісін тіркей отырып, өтініш беруші залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгіне алады.

 

Спикер - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите