Жастар некесін Алматыда қиғысы келеді

Жастар некесін Алматыда қиғысы келеді

фото: pexels.com

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Әсіресе жаз айларында үйленген жұптардың саны артқан. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-се кілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию статистикасын жариялады.

Ең көп неке маусымда қиылған

Жаздың үш айында Қазақстанда 38 мыңнан астам жұп некесін ресми түрде тіркеген. Неке қию бойынша ең белсенді ай – маусым. Осы кезеңде 15 мыңнан астам неке рәсімделген.

Ал тамызда 11 761, шілдеде 11 674 жұп отбасын құрған.

Алматы көш бастап тұр

Жаңа отбасылар саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Қалада жыл басынан бері 12 344 неке тіркелген.

Одан кейін:

  • Астана – 9 074 неке;
  • Түркістан облысы – 5 611 неке.

Неке қию туралы өтінішті тіркеуші органға барып, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобайл қолданбалары арқылы беруге болады.

Фото: pixabay.com.

Неке қию рәсімі – әр адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Дәл осы кезден бастап екі жүрек бірге соғып, жас жұбайлар бір мақсат пен бір мүдде жолында қадам жасай бастайды. Қазір бұл міндетті атқару айтарлықтай жеңілдей түскен, деп жазды almaty.tv. «Егов» пен екінші деңгейдегі банктердің қосымшасы арқылы жас жұбайлар 15 күн бұрын өтініш тастаса жеткілікті. Ал одан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, куәлігін ала алады.

Мамандардың айтуынша, шаһарда бір күнде шамамен 90-ға жуық неке қию рәсімі өтеді. Отау құруға ұмтылғандардың орташа жас мөлшері қалыңдықтар үшін – 28, ал жігіттер үшін – 31 жас екен. Ерекшелік те жоқ емес, әрине. 2025 жылы өтініш тастап, тағдырын тоғыстырғандардың қатарында 80-ді алқымдаған тұрғындар да бар.

«2025 жылы Алматы қаласында 18 445 жұптың некесі қиылды. Бұл шаһардың осы бағытта бірнеше жылдан бері жоғары кеөрсеткішті сақтап келе жатқанын көрсетеді. Оған жүйеде жасалып жатқан өзгерістер де әсер етіп отыр. Бұдан бөлек, маңызды рәсімді салтанатты түрде атқарғандардың да қарасы қалың. Көбі жаз айларында келеді. Осы мезгілде қосылғысы келген жұптардың саны артады», – деді Бостандық ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Әйгерім Әбілсейітова

Атап өтейік, былтыр Алматыда 3 мың жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Сала мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіштің өзінде де оң өзгеріс байқалған. Себебі, аңсаған арманына сабырмен жеткендердің арасында ажырасу дерегі аз тіркеледі.

 

Материал almaty.tv, baribar.kz сайттарынан алынды.  

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите