Жапонияда 100 жастан асқандар саны артты

Жапонияда 100 жастан асқандар саны артты

фото: https://pixabay.com/

Елде бұл көрсеткіш 56 жыл қатарынан өсіп келеді. 

Жапонияда 100 жастан асқан тұрғындар саны алғаш рет 100 мыңнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Елде 100 жастан асқан 107 677 адам бар. Олардың саны 56 жыл қатарынан өсіп келеді. Ұзақ жасағандардың басым бөлігі – әйелдер. Олардың саны 94 298 адамды немесе жалпы көрсеткіштің 87,6 пайызын құрайды.

Сонымен қатар 2026 қаржы жылында тағы 54 294 адамның 100 жасқа толатыны болжанып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 984 адамға көп.

Жапонияның денсаулық сақтау министрі медициналық технологиялардың дамуы адамдардың ұзақ өмір сүруіне ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Жапонияда туу көрсеткішінің төмендеуі мен халықтың қартаюына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру шығындары жыл сайын артып келеді. Бұл мемлекеттік қаржыға түсетін қысымды күшейтіп отыр.

Жүз жастан асқан тұрғындар туралы дерек алғаш рет 1963 жылы жиналған. Ол кезде олардың саны 153 адам болған. 1970 жылы бұл көрсеткіш 310 адамға жетіп, содан бері жыл сайын өсіп келеді. 1981 жылы жүз жастан асқандар саны 1 мыңнан, 1998 жылы 10 мыңнан, ал 2012 жылы 50 мыңнан асты.

2025 жылы Жапонияда әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 87,33 жыл, ерлердікі 81,35 жыл болды.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите