Ұлттық әдебиет - ұлт рухының айнасы

Ұлттық әдебиет - ұлт рухының айнасы

фото: www.astana-akshamy.kz

       Елордада Қазақстан халқы тілдер фестивалі аясында «Ұлттық әдебиет және тіл» форумы өтті. Жиын ұлттық әдебиетті дәріптеу, кітап оқу мәдениетін дамыту және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелеріне арналды.

       Форумда «Оқитын ұлт және қазіргі әдебиет», сондай-ақ «Цифрлық кеңістіктегі тіл тазалығы» тақырыптары талқыланды. Қаламгерлер, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері мен шығармашылық жастар бас қосып, қазіргі әдеби үдеріс, жастардың оқу мәдениеті, әлеуметтік желідегі тіл қолданысы мен сауатты жазу мәселелерін ортаға салды.

       Халық жазушысы Төлен Әбдік өз сөзінде әдебиеттің адам тағдырын танытудағы маңызына тоқталып, қаламгерлердің еркін шығармашылық ізденісі мен өзара пікір алмасуының қажеттігін атап өтті.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите