Елімізде шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мұндай бизнес субектісі иесі негізінен өнім шығарумен айналысу керек. Өкінішке қарай, тіркелген кәсіпкерлердің басым бөлігі Қытай, Түркия сияқты шет елдерден дайын өнімді алып келіп, сатып жатыр.
Импортқа телді болу, шетел тауарларын қолдау тиімсіз. Неге? Біріншіден біздің қаражатымыз сол елге кетеді, екіншіден біз шетел тауарларымен қоса, сол елдің инфлияциясын алып келеміз.
Кәсіпорындарға инвестиция құюды тек кәсіпкерлердің мойнына артып қою проблеманы толық шешпейді, бұл іске жергілікті әкімдер де ат салысу керек. «Өңірлерге қаржы тартудыалдымен әкімдер жолға қойып, жағдай жасауы керек» дейді экономист Бауыржан Ысқақ.