Фасфуд жарнамасына шектеу қойылады

Фасфуд жарнамасына шектеу қойылады

фото: https://pixabay.com/

Зерттеу деректеріне сәйкес 6-9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар

Балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірленді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Басты мақсаты – балалардың тағамдық талғамына маркетингтік ықпалды азайту және ерте шақтан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

"Министрлік құрамында тұз, қант және трансмайлар мөлшері жоғары тамақ өнімдерінің жарнамасын теле және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Аталған ұсыныстарды іске асыру мақсатында осы шектеулердің реттеушілік әсерін талдауды әзірлеу жұмыстары басталды", – деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Зерттеу деректеріне сәйкес 6–9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.

Заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите