Цифрландырудың пайдасы мен зияны қандай?

Цифрландырудың пайдасы мен зияны қандай?

фото: https://pixabay.com/ru/illustrations/web

Зияны

Ең алдымен зиянды жақтарына  тоқталып өтсек. Цифрландырылған мемлекетте  жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне нүқсан келері сөзсіз, ЖСН, телефон, банк деректері, медициналық ақпарат сияқты мәліметтер цифрлық жүйелерде сақталады. Егер деректер ұрланса немесе дұрыс қорғалмаса, алаяқтарға қолды болады.

Одан кейінгі қауіптің түрі адамның технологияға тәуелді болуы. Барлық қызмет онлайнға көшсе, смартфонды немесе интернетті пайдалана алмайтын адамдарға қиын болуы мүмкін, әсіресе қарт адамдарға ауырлау болады.  Кейбір жұмыс орындарының қысқаруы қаупі бар.

Автоматтандыру мен ЖИ кейбір қарапайым жұмыстарды адамның орнына орындауы мүмкін. Бұл кейбір мамандықтарға сұранысты азайтады.

Адамның экранға тәуелділігі артады.Телефон мен интернетті көп пайдалану адамның уақытын алып, қарым-қатынасты, тірі қарым-қатынасты азайтады.

Цифрландырудың мақсаты — адамның уақытын үнемдеу, қызметті қолжетімді ету, шығынды азайту, жұмысты автоматтандыру және шешімдерді дерекке сүйеніп қабылдау болса керек.

Пайдасы қандай?

Цифрландырудың пайдасы өте көп десек болады. Қазір бұл тек компьютерлендіру емес, жасанды интеллект (ЖИ), автоматтандыру, онлайн қызметтер және деректерді пайдалану арқылы экономиканы өзгертуге бағытталған. 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған.

Ең бастысы уақыт үнемделеді. Көптеген мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ eGov арқылы алуға болады. Анықтама алу, салық, әлеуметтік төлемдер, тіркеу және т.б.

Қағазбастылық азаяды, құжаттар электронды түрде сақталып, мекемелер арасында дерек автоматты беріледі. Бизнеске тиімді, онлайн төлем, электронды есеп, автоматтандырылған бухгалтерия, CRM және ЖИ бизнес шығынын азайтып, жұмысты жылдамдатады. Медицина жақсарады, электронды мемлекет жұмыс жасайды.

Цифрландырудың мақсаты — адамның уақытын үнемдеу, қызметті қолжетімді ету, шығынды азайту, жұмысты автоматтандыру және шешімдерді дерекке сүйеніп қабылдау.

Электронды медициналық деректер, цифрлық жүйелер дәрігердің жұмысын жеңілдетіп, медициналық көмекті бақылауды жақсартады. Цифрландырудың арқасында Қазақстанда медициналық ұйымдар мен қызметкерлер туралы бірыңғай цифрлық деректер жүйесі қалыптасып келе жатыр.  Ауыл шаруашылығында өнімділік артып келеді. Ауылшаруашылығы саласында да  спутниктік бақылау жүргізіліп, дрондар егіншілік, малдың жағдайын бақылауды қолға ала бастады.

Сондықтан цифрландырудың пайдасы мен зияны туралы қысқаша осылай атап айтуға болады.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите