Жасөспірімдерге арналған ChatGPT әзірленді

Жасөспірімдерге арналған ChatGPT әзірленді

фото: pixabay.com

ChatGPT жасөспірімдерге арналған нұсқасын іске қосты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алгоритм зорлық-зомбылыққа, тамақтану тәртібінің бұзылуына және өзіне өзі зиян келтіруге қатысты контентті бірден бұғаттайды. 

Сондай-ақ чат-бот мектеп оқушыларына үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Бірақ дайын жауаптар мен шығармаларды ұсынудың орнына, балаларды өз бетінше ізденуге бағыттайды. Ал ата-аналарға бақылаудың кеңейтілген құралдары ұсынылды. Олар алгоритмге шектеу қойып, бала тыйым салынған тақырыптарды талқылауға әрекет жасаған жағдайда хабарлама алады. 

Бұған дейін жасанды интеллект әзірлеуші компания Калифорнияда тұратын 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар деп айыпталған еді. Ол чат-ботпен өз өзіне қол салу ниетін талқылаған.

Ақпарат 24.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите