Сүйел

Сүйел

фото: https://www.istockphoto.com

       Дерматология саласында кездесетін ауру түрлерінің бірі — сүйел. Олар  адам папилломавирусының (АПВ), атап айтқанда оның I, II және III типтерінің әсерінен теріде (көбінесе аяқ-қолдарда) пайда болатын   қатерсіз өсінділер. Олар  бір  науқастан екінші адамға тікелей жанасу немесе жеке тұтынатын  заттары  арқылы жұғады.   

       Ұлттық госпитальдің дерматолог дәрігері Гүлмираш Сартаеваның айтуынша  сүйелдің пайда боуының себептері:терінің зақымдануы, терінің құрғақтығы, жеке гигиенаның сақталмауы және  жалпы реактивтілік пен иммунитеттің төмендеуі, иммуносупрессивті терапия, АИТВ инфекциясы. -Кәдімгі сүйелдер көбінесе қолда (әсіресе қолдың сыртқы жағында) орналасады,  кейде  олар бетте немесе ерінде де пайда болуы мүмкін.  

       Сүйел  көбінесе балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Әдетте, олар тері бетінен сәл көтеріліп тұратын,  терінің  түсіне ұқсас немесе сұрғылт түсті, өлшемі 1 см-ге дейін жететін тығыз түйіндер түрінде көрінеді. Жалпақ сүйелдер (немесе жасөспірімдің сүйелдері) сәл жалпақтау түйін түрінде кездеседі.   

       Бұл сүйел де терінің  бетінен сәл көтеріңкі орналасады.  Тегіс  және  тері түстес немесе қоңырлау болып келеді. Бұлар   балалар мен жасөспірімдердің қолы мен бетінде көбірек  пайда болады-дейді Гүлмираш Сартаева.  

       Ал табан сүйелдері  аяқ киім қысқан  аймақтарда пайда болады екен. Олар сарғыш түсті болып келеді және ауырсыну тудырады. Сондай-ақ көбінесе ересек  адамдарда  кездесетін көрінеді. Сүйел пайда болмау үшін жеке бастың тазалығын сақтау маңызды.  Иммундық жүйені нығайтып, дұрыс тамақтанған және спортпен айналысқан жөн. Жақсы ұйықтау да маңызды. Ал  пайда болған жағдайда  бірден дермотолог дәрігерге бару керек. Емдеу шаралары  барысында дәрігер сүйел орыналасқан  жерге ем қолданады. Қажет болған жағдайда  сүйелдерді алып тастауға да болады. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз