Қазақстанда спорттың жаңа дәуірі басталды

Қазақстанда спорттың жаңа дәуірі басталды

фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті/kaz.inform.kz

Астанада халықаралық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды. Он күн бойы елорда фиджитал спорттың әлемдік орталығына айналып, цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты біріктірген жарыстарға мыңдаған жанкүйер куә болды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жалпы жүлде қоры 4,65 млн доллар болған турнир Қазақстан үшін жаңа спорттық бағыттарды дамыту мен халықаралық тәжірибе жинақтаудың маңызды алаңына айналды.

Сандармен айтар болсақ, жобаны ұйымдастыруға 4 нысан, 528 ойын техникасы мен 500-ден астам ойын орны жұмылдырылды. Сегіз фиджитал-дисциплина цифрлық жарыстарды шынайы спортпен біріктірді. Ал 800 волонтер жобаның маңызды бөлігіне айналды.

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

«Болашақ ойындары 2026» классикалық жарыстар аясынан шықты. Қазақстан дәстүрлі спорт, киберспорт және заманауи технологиялардың тоғысында құрылған жаңа форматтағы халықаралық жобаны қабылдады. Еліміз киберспорт, ақпараттық технологиялар, телетрансляция, инженерия, логистика, қауіпсіздік және ірі спорттық жарыстарды өткізу салаларында жаңа кәсіби дағдылар мен тәжірибе алды.

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

Сонымен қатар бұл Астананың дамуына және Қазақстанның туристік тартымдылығына орасан зор үлес қосты. Түрлі елдерден келген спортшылар, командалар, жанкүйерлер мен мамандар Қазақстанды бай тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде ғана емес, ең күрделі халықаралық технологиялық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті заманауи мемлекет ретінде көрді.

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

 Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

– Ең бастысы, бұл тәжірибе Қазақстанда қалады. Мамандар, құрылған командалар, техникалық шешімдер және осындай ауқымдағы іс-шараларды қалай өткізу керектігі туралы түсінік қалады. «Болашақ ойындары 2026» турнирінің басты қорытындысы – сәтті өткен жарыстар ғана емес, ел ішінде құрылған адами, технологиялық және ұйымдастырушылық капитал. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жобаларды қабылдай алатыны және оларды өткізу алаңы ғана емес, болашақтың спорттық іс-шараларын құруда толыққанды ұйымдастырушы және серіктес бола алатыны дәлелденді, – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

«Болашақ ойындары 2026» чемпиондары:

1. Phygital Basketball presented by Halyk Fund
• 1 орын - Wilders ($100 000)
• 2 орын - LIGA PRO TEAM ($60 000)
• 3 орын - Dangerous ($35 000)

2. MOBA PC Dota 2 presented by Centercredit
• 1 орын - PlayTime ($350 000)
• 2 орын - Yakult Brothers ($160 000)
• 3 орын - Team Resilience ($120 000)

3. Phygital Dancing presented by Solidcore Resources
• 1 орын - Franco Vitali ($20 000)
• 2 орын - Lina ($15 000)
• 3 орын - Sergio Mayta ($10 000)

4. Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO
• 1 орын - Team KZ ($50 000)
• 2 орын - Liga Pro Team ($35 000)
• 3 орын - Minsk House ($20 000)

5. Phygital Fighting presented by Kazzinc
• 1 орын - Archangel Michael ($100 000)
• 2 орын - NEFOR TEAM ($80 000)
• 3 орын - RCC ($70 000)

6. Phygital Football presented by Samruk-Kazyna
• 1 орын - NS Team ($150 000)
• 2 орын - Quetzales-Armadillos ($85 000)
• 3 орын - FC Olympic Phygital ($50 000)

7. MOBA Mobile MLBB presented by Freedom
• 1 орын - Bigetron by Vitality ($315 000)
• 2 орын - ONIC ($144 000)
• 3 орын - Aurora Gaming ($108 000)

8. Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank
• 1 орын: 17 Gaming ($300 000)
• 2 орын: GAM The Expendables ($120 000) 
• 3 орын: Team Vitality ($100 000)

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті

Айта кетейік, 29 шілдеде Астанада «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу рәсімі өтті.

Сайыста 34 елдің 800-ден астам өкілі бақ сынады. Турнирде спортшылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds секілді 8 бағыт бойынша күш сынасты.

«Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті Фото: «Болашақ ойындары – 2026» ұйымдастыру комитеті


Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите